ШҚО-да эпидемиологиялық ахуал қандай?

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы «жасыл» аймақта, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының қамтылу пайызы – 0,7%. 1-19 шілде аралығында 59 тұрғын коронавирус жұқтырған:
Өскеменде – 53 (89,8%);
Глубокое ауданында – 2;
Ұлан ауданында – 2;
Самар ауданында – 1;
Шемонайхада – 1.
Мамандардың айтуынша, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші – 8,22.
Оқи отырыңыз