ШҚО-дағы эпидемиологиялық маңызы бар нысандарды су басқан жоқ
шартты сурет: trashbox.ru
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде зираттар мен мал қорымдарын су басып, соның салдарынан ауыз су сапасы бұзылды деген ақпарат тараған. Алайда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мұны ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында, соның ішінде Өскемен қаласында жіті ішек инфекцияларының (бұдан әрі – ЖІИ) өсу жағдайлары байқалмайды.
2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облыс бойынша (17 жағдайға) және Өскемен қаласы бойынша ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық деңгейінің 11,8%-ға шамалы төмендеуі байқалды.
2024 жылдың сәуір айының бірінші аптасында облыс бойынша ішек инфекциясының 18 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2 жағдайға төмен. Өскемен қаласы бойынша 13 жағдай тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2 жағдайға аз.
Осылайша, Өскемен қаласында және жалпы облыс бойынша ЖІИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған су көздерінен ауыз судың сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер профилактикалық іс-шараларды жүргізіп, халыққа берілетін ауыз судың сапасына бақылауды күшейтті.
Облыс аумағындағы эпидемиологиялық маңызы бар объектілерді су басқан жоқ.
ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тек ресми деректерге жүгінуге шақырады.