Зейнетақы қорынан төлем алатындарға салық салынбайды
фото: gov.kz
Келер жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ақша алатын азаматтар енді салық төлемейді. Бұл жеңілдік тек ай сайынғы төлемдерге ғана емес, баспана алуға немесе емделуге пайдаланылатын біржолғы зейнетақы төлемдеріне де қолданылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұған қоса, бұрын біржолғы төлем алып, салық төлеуді кейінге қалдырған адамдар да 2026 жылдан бастап бұл міндеттен толық босатылады.
Қазір зейнет жасына жетіп, қордан төлем алатындар алынған қаржыдан 10% көлемінде салық төлеп келген еді. Бұл салық жарнаны жинақтау кезінде емес, қаражатты алу барысында ұсталып отырған. Ал енді жаңа ереже бойынша азаматтар зейнетақы қорынан ақшасын ешқандай салықсыз ала алады.