KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Алакөлге «Тальго» пойызы шығады

9.03.2023, 09:33 924 Оразай Жеңісұлы

2023 жылы Астана, Алматы қалаларынан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан Алакөл бағытында 11 маршрут қызметін жалғастырады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Ж.Тайжанов «Тальго» пойызы жолға шығатынын айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өткен жылы темір жол көлігімен Алакөл жағалауына 243 мың жолаушы жеткізілді:

— еліміздің оңтүстік өңірінен – 118 мың;

— солтүстіктен - 72 мың;

— Шығыс Қазақстан облысынан - 52 мың.

Биыл жолаушыларға арналған орынды 6%-ға арттыру жоспарланған, яғни 276 мың болады.

Туроператорлар үшін коммерциялық пойыз билеттерін ерте брондау тәртібі бар – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 күн бұрын. Ж.Тайжанов Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөл бағытында интермодальдық тасымалдауды (екі және одан да көп көлік түрлерімен тасымалдау) іске қосу мәселесі қаралып жатқанын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу