KZ
Өскемен
-8°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
511 602.72 6.49

Риддерде қысқы туристік маусым аяқталды

29.03.2023, 18:26 577 Мадина Амангелдіқызы

Риддер қаласында 2 сәуірден бастап қысқы туристік маусым аяқталады.

 ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіптік-инновациялық даму басқармасының туристік ақпараттық орталығы Риддерде 2022-2023 қысқы туристік маусымының жабылуына орай ауқымды іс-шара өтетінін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл шарада жыл сайын облыстың түкпір-түкпірінен және еліміздің шекаралық аймақтарынан келген 200-ден астам адам қатысады.

Іс-шара барысында шаңғышылар мен сноубордисттердің жаппай костюм киіп, таудан түсуі, шара серіктестерінің естелік сыйлықтарын тарату, концерттік бағдарлама, халықтық серуендер жоспарланған.

Өтетін күні: 2 сәуір, 2023 жыл

Тіркеу уақыты: сағат 10.00-де

Локация: Риддер қаласы, STARDUST CAMP тау-шаңғысының базасы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу