Қысқы туризмге ерекше көңіл бөлінбек – Риддер
Риддер қаласында тау шаңғысы спорты мен қысқы туризм белсенді дамитын болады. Бұл облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.
Жақында Риддердің аумағы тексеріліп, тау шаңғысы инфрақұрылымын құру үшін орындар қарастырылады.
-Риддер – қысқы туризмді дамыту орталығы. Тау шаңғысы спортын дамыту үшін аумақты тексереміз. Егер қолайлы таулар болса, дамытып, туристер қуана келетін демалыс орнына айналдырамыз, - деді ШҚО әкімі.
Сондай-ақ келесі жылы Өскемен-Риддер жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіле бастайды және облыс орталығынан жол жүру уақыты бір сағат 15 минутқа дейін қысқарады.
ШҚО әкімі сондай-ақ бұл бағыттағы қозғалыс өңірдің туристік саласын дамытудың жаңартылған бағдарламасына кіретінін атап өтті. Биылдан бастап, үш курорттық аумақ дамитын болады. Атап айтқанда, Риддер қаласы, Катонқарағай және Алтай аудандары.