KZ
Өскемен
+5°
туман жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

ШҚО әкімі «Алтай» клубының волейболшыларын құттықтады

7.04.2023, 21:06 304

Наурыз айында Алматы қаласында өткен волейболдан әйелдер арасындағы ХХХІ Қазақстан чемпионатында «Алтай» клубы жеңіске жеткен еді. Клуб осымен қатарынан жетінші мәрте бас жүлдені иеленіп отыр. 
Облыс әкімі Даниал Ахметов клуб волейболшыларын қабылдап, кезекті жеңіспен құттықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Аймақ басшысы клуб волейболшыларының ерен еңбегін, әлеуетін атап өтіп, Азия чемпионатында сәтті ойын көрсетулерін тіледі. 

–    Облыста бұқаралық спортты, соның ішінде балалар спортын дамытуға барынша көңіл бөлінеді. Денешынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт залдарының құрылысына ерекше назар аударып келеміз. Облыста елдегі спортшылар үшін ең жақсы медициналық база бар. Мен волейболшыларға денсаулық, табандылық, алдағы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтеріліп, сәттілікпен елге оралуларын тіледім, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив