Волейболдан Азия чемпионаты аяқталды. Кімдер жеңіліп, кімдер жеңіске жетті?
Семейде Қарағайлы ықшам ауданындағы «Арена» көпсалалы мәдени-спорттық кешенінінде өтіп жатқан әйедер арасындағы волейболдан клубтық Азия чемипионаты аяқталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Финалдық ойында қазақстандық екі клуб, Шығыс Қазақстанның «Алтай» клубы және Солтүстік Қазақстанның «Қуаныш» клубы кездесті. Нәтижесінде 3:2 есебімен «Қуаныш» кломандасы жеңіске жетті. ІІІ орынға ирандық команданы жеңген «Diamond Food» (тай командасы) жайғасты.
- Бұл жарыс жарқын және әсерлі спорт түрін сүйетіндер үшін нағыз спорттық мерекеге айналды. Өзбекстаннан, Таиланд пен Ираннан келген қарсыластармен өткен кездесуді көру өте әсерлі болды. Барлық командалар көрермендерге әдемі ойын сыйлауға тырысты. Финалда екі қазақстандық команда кездесті - " Қуаныш "(СҚО) және" Алтай " (ШҚО). Өкінішке орай, бүгін Шығыс Қазақстан клубының спортшылары жеңіске жете алмады. Өткен жылғы чемпионаттың жеңімпаздары-"Алтай" ШҚ бүгін 3:2 есебімен ұтылды. Бұл әділ және ымырасыз ойын болды, ал ең мықтысы жеңді. Бұл чемпионат волейболға үлкен қызығушылық тудыратынына сенімдімін. Мен "Қуаныш" командасын жеңіспен құттықтаймын, ал "Алтай" клубына бұл жеңілістің оларды күшейтіп, міндетті түрде Қытайдағы Клубтық Әлем чемпионатына жолдама алуын тілеймін, - деп жазды ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында