KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

«Халифа Алтай» мешітінде Президенттің атынан ауызашар берілді

9.04.2023, 09:10 264 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығындағы "Халифа Алтай" мешітінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан дастархан жайылып, ауызашар берілді.

Бұл – Ораза ұстаған барша ағайынға көрсетілген айрықша ықылас һәм құрмет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

Мемлекет басшысы айтып өткендей, ​ислам діні ел бірлігін және қоғам тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқарып келеді.

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» үндеген хакім Абай Құнанбайұлы ислам құндылықтарын жетік біліп, ораза ұстап, өзге діндерге құрметпен қараған. Ал оныншы қара сөзінде: «Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды», – деп көрсетеді. Дана Абайдың бұл өсиеті имандылықты ғылым-біліммен қатар алып жүру керектігін түсіндіреді», – деді Президент Ақордада өткен ауызашарда.

Ораза айы – жақсылық пен мейірімділік, бауырмалдық пен жанашырлық көрінісі. Ал "Халифа Алтай" мешітінде Президент атынан берілген ауызашарда облыс әкімі жиналған жандарға игі тілегін білдірді.

– Руханият пен адамгершілікті ғылым және біліммен ұштастыра отырып, біз этносаралық және конфессияаралық бірлік пен өзара түсіністікті нығайта аламыз. Қасиетті Рамазан айының әр күні сіздерге және жақындарыңызға мейірімділік пен ізгілік әкелсін.​ Баршамызды рухани жаңарып, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға шақыратын Рамазан айы құтты болсын! Қасиетті айда сіздерге күш-жігер, ынтымақ пен мол табыс, зор денсаулық тілеймін! Еліміздің бірлігі мен ынтымағы арта берсін! Ораза қабыл болсын! – деді іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Ауызашар алдында шақырылған адамдар, құлшылық ордасындағы әзірге Қазақстандағы жалғыз ислам мәдениеті мұражайындағы бірегей кітаптармен және ​қолжазбалармен танысты. Мұражай заманауи IT технологиялармен жабдықталған.

 

Айта кетейік, ауызашар ел Президентінің атынан Қазақстанның барлық өңірінде ұйымдастырылған болатын. Биыл бүкіл әлемдегі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 29 күнге созылады, 23 наурыздан 20 сәуірге дейін. Сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түні – Қадір түні. 21 сәуірде Ораза айты басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив