Әлем кубогы: Өскемендік қос спортшы жүлделі оралды (видео)
5-9 наурыз аралығында Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында ересектер арасында кикбоксингтен World Cup Italian Open Әлем кубогы өтті. Шығысқазақстандық кикбоксингшілер Мақсат Ерланұлы чемпион атанып, алтын медаль иеленсе, Серікбол Ермеков күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгін Өскемендегі вокзалдардың бірінде шығыстық спортшыларды жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетті. Вокзал басына домбырасын ала жеткен белгілі айтыскер ақын Нұртай Тілеужанұлы жеңіспен оралған спортшыларға арнау айтып, олардың жетістігін жырға қосты.
75 кг салмақта өнер көрсеткен өскемендік Мақсат Ерланұлы Әлем кубогында төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, К-1 санатында чемпион атанды. Ал 63,5 кг салмақта сынға түскен Серікбол Ермеков фулл-контакт ережесі бойынша екінші орынды иеленді.
Айта кетейік, спортшыларымыздың бас бапкері — кикбоксингтен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Ержан Шегенов.
Видео: Ермек Жиенбеков
Фото:Жібек Нұрахмет