KZ
Өскемен
-2°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
496.41 542.77 6.05

«Берел» – ел чемпионатының күміс жүлдегері (видео)

13.03.2025, 15:00 201 Әбішев Ержан

Өскемен қаласында әйелдер арасындағы волейболдан XXXIII Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Волейбол маусымы қызу тартысты финалмен аяқталды. Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы чемпиондық атақ Талдықорғанның «Жетісу» командасына бұйырды. Шешуші үшінші матчта «Жетісу» Өскеменнің «Берел» командасын жеңіп, тоғызыншы рет Қазақстан чемпионы атанды.

Финалдық кездесу тартысты өтті, алайда сенсация орын алмады – өз алаңы мен жанкүйерлер қолдауы бұл жолы «Берелге» жеңіс әкелмеді. Шешуші матчта «Жетісу» «Берелді» 3:1 есебімен ұтты (25:21, 19:25, 12:25, 20:25).

Кездесу сәтті басталғандай көрінген – алғашқы партияда «Берел» жеңіске жетті. Алайда Марко Гршич жаттықтыратын «Жетісу» ойын барысында қателіктерін азайтып, қарсыластың осал тұстарын тиімді пайдаланды. Екінші партиядан бастап ойында басымдық танытқан «Жетісу» үшінші кезеңде толықтай үстемдік құрды. Төртінші сет «Берелдің» есепті теңестіріп, шешуші бесінші партияға өтуіне соңғы мүмкіндік еді, алайда талдықорғандық волейболшылар бұл шешуші сәтте сенімді ойын көрсетті.

Осылайша, «Жетісу» бес жылдық үзілістен кейін чемпиондық атағын қайтарып алды. Ал «Берел» қатарынан екінші жыл қатарынан күміс жүлдеге ие болды.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде «Қуаныш» «Тұран» командасын жеңіп, қола жүлдені иеленді. Турнирдің жалпы нәтижесі:

«Жетісу» (Талдықорған)
«Берел» (Өскемен)
«Қуаныш»
«Тұран»
«Қарағанды» ВК
«Ақтөбе»

Чемпионат қорытындысы бойынша әр позициядағы үздік ойыншылар анықталды:

Турнирдің ең үздік ойыншысы (MVP) – Карина Денисова («Жетісу»)
Үздік пас беруші – Дарья Шаргородская («Жетісу»)
Үздік шабуылшылар – Кристина Белова («Берел»), Жанна Сыроешкина («Қуаныш»)
Үздік блок қоюшылар – Ирина Малькова («Берел»), Полина Уфимцева («Қуаныш»)
Үздік диагональ ойыншысы – Татьяна Яцкив («Берел»)
Үздік либеро – Мәдина Бекет («Жетісу»)

- Менің командам үлкен қысыммен ойнады, бірақ біз Қазақстандағы ең мықты команда екенімізді дәлелдедік. «Берел» клубын ерекше атап өткім келеді – олар бұл финалда өте жақсы өнер көрсетті. Бәсеке шиеленісті өтті, бірақ біз сәл мықтырақ болдық, - деді «Жетісу» командасының бас бапкері Марко Гршич.

Осылайша, биылғы волейбол маусымы аяқталды. «Жетісу» өз көшбасшылығын дәлелдесе, «Берел» чемпиондыққа бір қадам жетпей қалды. Ал «Қуаныш» командасы тұрақты түрде үздіктер қатарында екенін көрсетті. Келесі маусымда командалар чемпиондық атақ үшін күресті қайта бастайды.

Дамир Омаров

Фото/видео: Евгений Щетников

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу