Үлкен Нарын ауданында жаңа цех ашу жоспарланып отыр
Үлкен Нарын ауданының жеке кәсіпкері Досан Қасенов «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашып, ет өнімдерінің консервілерін өндіру үшін қажетті жабдықтарды сатып алды. Кәсіпкердің айтуынша, ол күніне 180 кг еттен 600 дана консерві өнімін шығаруға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Досан Қасеновтің бастамасы жергілікті экономиканы дамытуға және ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Жаңа өндіріс жобасы, әсіресе ет өнімдерін өңдеуге бағытталғандықтан, ауыл шаруашылығы саласының дамуына да үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Сонымен қатар, бұл кәсіпорын ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуына, жаңа өнім түрлерін шығаруға ықпал етеді.
Үлкен Нарын ауданында іске асырылғалы отырған бұл жобаның нәтижелері жергілікті қоғамның әл-ауқатын жақсартуға, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі: Үлкен Нарын ауданы әкімдігі