KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
496.41 542.77 6.05

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

istockphoto.com

13.03.2025, 17:30 172 Гульжан Мусина

ШҚО бойынша «Қазгидромет» филиалының мәліметіне сәйкес, 14 наурызда өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

– Күндіз осы аумақтарда жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Өскемен қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі, ал күндіз көктайғақ болуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу