KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
496.41 542.77 6.05

Студенттік Ассамблея ойындарының алғашқы жарысы өтті

13.03.2025, 14:30 177 Рағызбаева Ақерке

Шығыс Қазақстандағы үш жоғары оқу орны мен төрт колледжден 200-ден астам студент қатысқан Студенттік Ассамблея ойындары жүзу жарысымен басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл ауқымды додаға студент жастармен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан «Жастар ассамблеясы» командасы да қатысуда.

Жеке жүзу (25 метр, еркін стиль) бойынша ерлер арасында жеңімпаздар:
— Диас Нұрсұлтанов (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);
— Бағжан Нұрсейітов (Қазақстан-Америка еркін университеті);
— Равиль Юнусов («Жастар Ассамблеясы») және Родион Алпеев (Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі).

Қыздар арасында:
— Виктория Ефимова (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);
— Виктория Бондарева («Жастар Ассамблеясы»);
— Анастасия Черкашина (Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі).

Командалық есепте:
— Бірінші орын – Қазақстан-Америка еркін университеті;
— Екінші орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі;
— Үшінші орын – Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі.

— Біздің бастамамыз осындай қолдауға ие болғанына, көптеген белсенді жастарды жинағанына қуаныштымыз. Бұл ойындар – ең алдымен жарыс емес, достықты нығайтуға, командалық бірлікті көрсетуге берілген мүмкіндік, – деді ШҚО «Жастар ассамблеясының» жетекшісі Равиль Юнусов.

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу