KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
496.41 542.77 6.05

Ұлан мен Алтайда сабақтар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды

Pexels.com

14.03.2025, 07:30 137 Төлеуғазы Жансая

ШҚО-дағы қатты аязға байланысты кейбір мектептердегі бастауыш сынып оқушылары онлайн форматта оқиды.  

Ұлан ауданы  
14 наурыз 2025 жылы ауа температурасының -29 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 1-ші және 2-ші ауысымдағы 0-4 сыныптардың сабағы қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл өзгеріс келесі мектептерге қатысты:  
- Қанай орта мектебі  
- Клименко орта мектебі  
- Герасимовка орта мектебі  

Алтай ауданы  
14 наурыз күні ауа температурасының -30...-31°C дейін төмендеуіне байланысты 1-ші және 2-ші ауысымдағы 0-4 сыныптар қашықтықтан оқытылады. Төмендегі мектептерде сабақтар онлайн өтеді:  
- Алтай қаласындағы мектептер  
- «Маяк орта мектебі» КММ  
- «Михаил Бикетов атындағы орта мектеп» КММ  
- «Соловьев орта мектебі» КММ  
- «Леснопристань орта мектебі» КММ  
- «Путинцево орта мектебі» КММ  
- «Новокрестьянка бастауыш мектебі» КММ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу