KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
522.91 548.85 5.05

ШҚО-дағы кене энцефалитінің табиғи ошақтары аталды

шартты сурет

9.04.2023, 16:58 256 Оразай Жеңісұлы

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдегі кене энцефалитінің табиғи ошақтарын атады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кене энцефалитінің табиғи ошақтары – Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Самар, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңы.

Жалпы, департамент өкілдерінің айтуынша, облыста кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті.

Кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді жолы жеке қорғану шараларын қатаң сақтау екенін айтады мамандар.

Естеріңізге саламыз, бұған дейін өңірде кене энцефалиті бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарладық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу