KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

"Бір қабатты Шығыс": өңірде биыл 316 үй салынады

10.04.2023, 09:30 286 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша кеңес өткізді.

Аймақ басшысының айтуынша, биыл өңір аумағында 316 үй салынады. Оның 71-і – өткен жылдан бері жалғасып келе жатқан жобалар. 93 үй ауылдық елді мекендерде, 152 үй қалаларда салынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

– Алдыңғы жылдардағыдай, осы бағдарлама бойынша көпбалалы отбасыларға және халықтың осал топтарына, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі, бұл мәселе менің жеке бақылауымда, – деді облыс әкімі.

Аудандарға келетін болсақ, Зайсан ауданында 25 үй салынады. Күршім ауданында – 14, Глубокое ауданында – 7, Ұлан ауданында – 11, Тарбағатай ауданында – 9, Шемонаиха ауданында – 2, Самар ауданында – 3.

– Үйлердің сапасына, жақсы безендірілуіне ерекше назар аудару қажет, әкімдер мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы өкілдерінің қолынсыз үйлерді пайдалануға қабылдамауы тиіс, – деді облыс әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив