KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Өрт қаупі кезеңі басталды – ШҚО

Фото: Шығыс Ақпарат

11.04.2023, 18:10 245

Облыстағы өрт қаупі кезеңі биыл 5 сәуірде басталып, алғашқы қар жауғанға дейін жалғасады. Бұл кезең негізі бір жылда орта есеппен 180 күнге сәйкес. 
Жыл сайынғы талдауға сәйкес, табиғи өрттің ең қауіпті кезеңі маусым, шілде, тамыз айларына келеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Медет Мұқашев жыл сайынғы өзекті мәселе өрттің орман қоры аумағына және елді мекендерге жайылуы екенін айтып өтті. Бұл арнайы қорғаныс минералданған жолақтардың болмауына не уақтылы жаңартылмауына байланысты екен. 
Осы себепті елді мекен, өндірістік нысан, темір жол, автомобиль жолдары, электрмен қамту желілері, орман қоры айналасында аталған жолақтарды орнатып, олардың күтімі бойынша тұрақты шаралар жүргізілуі қажет. 
Қазіргі таңда орман шаруашылықтарының өртке қарсы техникамен жабдықталуы тиісті норманың 70%-ына жеткен. 
Медет Мұқашев өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделгенін, ал  410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив