KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Табиғи өртке көбіне адамдар кінәлі болады - ШҚО

Фото: Шартты сурет

11.04.2023, 16:27 230

Өрт қаупі кезеңінде дала аймақтары мен шөп жануы жиілейді. 
Жыл сайынғы талдау бойынша, табиғи өрттің 70% –ы адам кінәсінен болатыны анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Медет Мұқашевтың сөзіне сүйенсек, бұндай жағдайлар отты абайсыз қолдану, ауыл шаруашылығы өрттері, қураған шөпті күйдіру, ауыл шаруашылығы техникасында ұшқын сөндіргіштердің болмауы сынды себептерден шығады. 
Өрт ықтималдығы жоғары кезеңдерде өрт сөндірушілер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Оның басты себебі – азаматтардың шоқты өшірмей кетуі, сөндірілмеген темекі тұқылы, шөпті тұтату, қауіпсіздік ережелерін орындамай орнатқан барбекю салдарынан өрт дерегінің көбеюі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив