KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
441.44 473.09 4.75

Елімізде ең жоғары зейнетақы мөлшері жарияланды

26.12.2022, 16:45 367 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы мөлшері жарияланды.

Биыл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленген ең жоғары зейнетақының көлемі 700 мың теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Altaynews Sputnik Қазақстан cайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 триллион теңгеден асқан. Жыл басынан бері қордағы ақша 1,3 триллион теңгеге (10,2 %) өсті.

2022 жылы қаңтар мен желтоқсан аралығында зейнетақы шоттарына 1,5 триллион теңгеден астам қаражат түсіпті. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 30 процентке артық екен. Ал таза инвестициялық табыс - 777 миллиард теңге.

Жыл басынан бері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 1,1 триллион теңгеге төлем жасалды. Оның 902 миллиард теңгесі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге жұмсалды. Ал зейнет жасқа жеткен азаматтарға берілетін төлемдердің мөлшері де 22,6 процентке ұлғайып, 109 миллиард теңгеге жетіп отыр.

БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 876 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады.

Одан бөлек жасалған басқа да төлемдер:

мұрагерлік бойынша  – 55,8 млрд теңге;

Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты  – 45,3 млрд теңге;

мүгедектік бойынша– 2,2 млрд теңге;

жерлеу төлемдері - 4,9 млрд теңге;

сақтандыру ұйымдарына аударылған төлемдер - 23,2 млрд теңге.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив