Жанар-жағармай бағасына шағымдануға болады – ШҚО
Фото: Шартты сурет
ШҚО-да жанар-жағармай бағасы жөнінде арыз қабылданатын парақша ашылды.
ШҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті бастамасымен кеңес өтті. Жиналыста жанар-жағармай тапшылығын қолдан туғызу және алыпсатарлыққа қатысты әрекеттердің алдын алу жолдары талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қатысушылар өнім құнын тұрақтандыру мақсатында баға белілеу, оның қоры мен жеткізілуі сынды бірқатар мәселелерді қарады.
Департамент Instagram желісінде ашылған @dervko_monitoring_gsm арнайы парақшасы арқылы жанар-жағармай бағасын негізсіз өсіру жөніндегі тұрғындардың арызын қабылдайды. Барлық арыз-талаптар қаралып, ереже бұзушыларға қатаң шара қолданылады.
Сонымен қатар ҚР энергетика министрінің бұйрығы бойынша ережелер түсіндіріліп, мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы бағасы айтылды. Кеңес автокөлік отыны нарығындағы ахуалды бақылау мен оның қалыпты жұмысы үшін қажетті шаралар алгоритмін белгіледі.