KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Жанармай таситын көлік аударылып қалды – Алтай

Фото: Шартты сурет

14.04.2023, 17:01 240

13 сәуір күні «Өскемен – Алтай» тасжолында жанармай таситын жүк көлігі аударылып қалған. 
Апат тасжолдың Алтай қаласына жақын бөлігінде болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

    «Volvo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты таңдамай, рульге ие бола алмай қалған. Сондықтан көлік жыраға құлаған, деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі. 

Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. 
Алдағы уақытта ШҚО экология департаменті мамандары апат орнына барып, көлік отынының жерге төгілу ықтималдығын тексереді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив