KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Өскеменде экологиялық бастамалардың бірінші өңіраралық форумы өтеді

19.04.2023, 13:04 283 ALTAINEWS

21 сәуірде Өскемен қаласында "БІЗДІҢ АСПАН" атты экологиялық бастамалардың бірінші өңіраралық форумы өтеді.

Форум бизнес, билік, сарапшылар мен экологиялық белсенділер арасындағы тікелей диалог алаңын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Іс-шарада халықаралық және отандық сарапшылардың үздік экологиялық тәжірибелері таныстырылады. Кәсіпорындардың атмосфераға шығарындыларды азайту жөніндегі бастамалары мен шешімдері айтылады. Шығыс Қазақстан облысын газдандыру жоспарлары таныстырылып, келешегі талқыланады. Сондай-ақ экономикалық дамуды, қолжетімді инфрақұрылымды және таза табиғатты теңдестіре отырып «тұрақты қалаларды» қалыптастыру үшін жағдай жасау мәселелері қарастырылады.

Форумға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, экологиялық белсенділер, халықаралық сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысады.

Форум аясында Өскемен қаласының және «Жұлдыз» балалар өнер мектебі суретшілерінің жұмыстары көрмесі, Әсемгүл Мәуітқызының гүлдер көрмесі, ШҚО «Алтай балы» («ПАСЕКА» ш\қ) экоөнімдерінің көрмесі, қолөнер және «Ақ үкі» шығармашылық бірлестігінің сәндік-қолданбалы өнер жұмыстары көрмесі, «STUDIO89» шығармашылық бірлестігінің көрмелік экспозициясы ұйымдастырылады. Сонымен қатар қатысушылар үшін Шығыс Қазақстанның экстремалды жағдайында ағаш-бұталарды отырғызу бойынша «Алтай ботаникалық бағы» мамандары ерекше шеберлік сыныбын өткізеді.

Форумды ұйымдастырушы – «ECOJER» қазақстандық қауымдастығы.

Мекенжайы: Өскемен қ., Серікбаев к-сі, 19, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (негізгі корпус).

Панельдік сессиялардың басталу уақыты - 14.00.

Форумның тікелей эфирі «ECOJER» қазақстандық қауымдастығының ресми аккаунттарында өтеді.

‼СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ФОРУМ ҚОНАҚТАРЫН ТІРКЕУ: ➡ https://clck.ru/34AAnk  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив