KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

Мектеп кітапханасының үздік жобасы анықталды – ШҚО

Фото: gov.kz

20.04.2023, 18:17 220

19 сәуірде ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мектеп кітапханасының үздік жобасы - 2023» облыстық байқауын өткізді. 
Байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің 10 жеңімпазы қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Үздік нәтиже көрсеткен мектеп кітапханашыларын анықтап, қолдау көрсетіп, жалпы білім беретін мекемелердегі кітапханалардың инновациялық тәжірибесін насихаттау, кітапханашы беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 10 мектептің кітапханашылары қатысты. 
Байқау нәтижесі бойынша I орынды 1 жоба, II орынды 1 жоба, III орынды 3 жоба иеленіп, тағы бір қатысушы «Үздік өлкетанушы» номинациясын ұтып алған.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен грамоталар, ал қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив