«Табысты менеджер - 2019» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы 2019 жылғыжелтоқсан айларында«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Ұстаз өзгерістер елшісі» республикалық жобасының «Ұстазым мақтанышым» кіші жобасы аясында облыстың білім беру ұйымдарындағы шығармашылықпен жұмыс істейтін басшыларды анықтау, ынталандыру және қолдау көрсету, үздік инновациялық менеджментті насихаттау мақсатында «Табысты менеджер - 2019» облыстық байқауын өткізді. Байқау жалпы білім беретін, шағын жинақты мектептердің және ШҚО бойынша мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының басшыларының шығармашылығын дамытуға бағытталған.
«Табысты менеджер - 2019» байқауы екі кезең бойынша ұйымдастырылды: бірінші – аудандық кезең, екінші – облыстық кезең. 2019 жылы 29 қарашасында өткен аудандық кезеңнің жеңімпазы Жаңаауыл негізгі орта мектебінің директоры Г.Ч.Мустафина облыстық кезеңге жолдама алды.2019 жылдың 10 желтоқсанында облыстық байқаудың 1- сырттай кезеңіне қатысқан 14 облыстық орта білім беретін ұйымдардың басшыларының (жалпы білім беретін, шағын жинақты мектептер)ішінен 9 жеңімпаз 2019 жылдың 19 желтоқсанында өткен 2- іштей кезеңге шақырылды.Облыстық «Табысты менеджер - 2019» байқауының екі кезеңінің қорытындысы бойынша Күршім ауданының «Жаңауыл негізгі орта мектебі» КММ директоры Мустафина Гүльшат Чайхановна 1- орын иеленіп, білім басқармасының грамотасы марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.