Экологиялық бастамалардың ірі өңіраралық форумы басталды – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысында экологиялық бастамалардың ірі өңіраралық форумы басталды.
"БІЗДІҢ АСПАН" экологиялық бастамалардың бірінші өңіраралық форумы ШҚО-да өтіп жатыр. Оған экология министрі Зульфия Сүлейменова, ғалымдар, сарапшылар, кәсіпкерлер, экоактивистер, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл форум экологияны жақсартудың жаңа тәсілдерін табысты іске асыру үшін мүмкіндіктерді анықтап, халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекет, бизнес және жұртшылық атмосфералық ауаның ластану проблемаларын бірлесіп шешу қажеттігін көрсетуі тиіс.
Форум сессиялары аясында жаңа технологиялық жетістіктерді енгізу перспективаларын, олардың артықшылықтары мен шектеулерін, осы саланы одан әрі дамыту жоспарларын, Қазақстанды газдандыру мәселелерін, оның ішінде Шығыс Қазақстанды газдандырудың мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылау жоспарлануда. Сонымен қатар ірі өнеркәсіптік қалалардың тұрақты дамуының тұсаукесері жоспарлануда, бұл экологиялық көлікті, таза ауаны және жайлы урбанистиканы білдіреді. Айта кету керек, форумда пленарлық сессиялардан басқа ағаш отырғызу, арт-көрме және экология мәселелері бойынша зияткерлік ойындары да өтеді.