KZ
Өскемен
+33°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Ертіске 100 мың сазан шабағы жіберіледі

1.10.2020, 14:01 375

Ертіс өзеніне сазан шабақтары жіберіледі. Бұл туралы Шүлбі су электр стансасының қоғаммен байланыс бөлімінің маманы хабарлады.

– Шүлбі су қоймасына балық жіберу акциясы осы қазан айына жоспарланған. Шамамен, 100 мың сазан шабағы Ұлан ауданы аумағында Ертіске жіберіледі, – деді «АЭС Шүлбі ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Светлана Нищенко.

Оның айтуынша, сазан шабақтары Қарағанды облысынан жеткізіледі.

Айта кету керек, былтыр да дәл осы уақытта су қоймасына балық жіберілген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив