KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Биыл ШҚО-ның 8 елді мекеніне газ тартылады

шартты сурет

24.04.2023, 15:40 243 Оразай Жеңісұлы

Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы 8 елді мекенге газ тартылады, деп хабарлайды Altaynews.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасының жобасында айтылған. Бағдарлама жобасында 2023 жылы өңірдің 8 ауылына газ тартылатыны айтылған. Бұл ақша Зайсан ауданының Дайыр, Көкжыра, Қуаныш, Біржан, Сарытерек, Жарсу, Бақасу, Саржыра ауылдарында кент ішіндегі және орам ішіндегі газдандыру желілерін салуға жұмсалуы керек. Бұл мақсатқа 939 млн 950 мың теңге бөлу қарастырылған.

Айта кету керек, былтыр Шығыс Қазақстан облысындағы «Тарбағатай Мұнай» компаниясына Қытайға газ экспорттауға тыйым салынуы мүмкін деген мәлімет тараған болатын.

Кейін сол кездегі энергетика министрі Болат Ақшолақов Зайсандағы газды экспорттау мәселесі туралы арнайы комиссия құрылатынын айтқан.

Сондай-ақ экс-министр өңірдің басқа аумағына газ жеткізу үшін кемінде 5 жыл керек екенін айтқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив