KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

ШҚО-да өзендердің жағалаулары бекітілді

шартты сурет

25.04.2023, 22:30 250 Оразай Жеңісұлы

Өңіріміздің таулы аймақтарында су тасқыны қаупі әлі де сейіле қойған жоқ.

Әсіресе Катонқарағай, Зайсан және Глубокое аудандарында қарғын судан келер қауіптің алдын алу және жою жұмыстары кешенді түрде қолға алынған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл жұмыстар еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі бекіткен «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, жол картасына облыста жиыны 21 іс-шара енгізілсе, 2021-2022 жылдарға жоспарланғаны толық орындалды. Бұл іс-шаралар биыл да жалғасады. Атап айтсақ, Үлбі өзенінің жағалауын бекіту жұмысы Өскемен-Риддер бағытындағы көлік жолының 103-ші шақырымында, Глубокое ауданы, Черемшанка ауылындағы «Кеңес және К» ЖШС өндірістік базасы аумағында және осы ауылдың жоғары жағында жүргізіледі.

Сондай-ақ Катонқарағай ауданындағы Сарымсақты өзенінің 300 метрдей жағалауын, Зайсан ауданындағы Жарлы өзенінің 1500 метр жағалауын нығайту жоспарланған. Бұларды іске асыру үшін бюджеттік өнімдер жіберілді. Нәтижесінде аталған елді мекендердегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басу қаупі төмендейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив