KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Күршім ауданында қандай маңызды нысандар пайдалануға берілді?

28.04.2023, 13:37 273

Өткен жылы Күршім ауданында бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аудан тұрғындарына аса қажетті нысандар пайдалануға берілген. 
Аудан әкімі Алмат Ақышовтың мәліметінше, Жолнұсқау және Ұрынқай ауылында мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Былтыр Қалжыр ауылында 5 төсектік күндізгі стационарға 20 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория  салынған. Сонымен қатар Жолнұсқау, Ұрынқай ауылында мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 
Ауданда жарықтандыру бойынша да жұмыстар атқарылып жатыр. Күршім ауылында биылғы жоспар  бойынша 15 көшенің шамдарын жөндеу жұмысы басталып, көшелерде жалпы 767 жарық шамы ауыстырылды. Екінші кезең бойынша көшелерді жарықтандыру модернизациясына сәйкес әлеуметтік ғимараттар орналасқан көшелерге қосымша 239 шамға ұсыныс берілген. 
Сонымен қатар Марқакөл ауылындағы жарықтандырудың бірінші кезеңі бойынша 17 көшедегі 622 көше шамын ауыстыру жоспарланып отыр.
Өткен жылы Төсқайың, Барақ батыр, Бірлік, Ақбұлақ, Қалғұты, Қайнарлы ауылдарының көшелері де жарықтандырылған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив