Күршімде 2 мектептің құрылысы аяқталуға жақын
Ашық дереккөздерден алынған сурет
Күршім ауданына қарасты Ұрынхай және Жолнұсқау ауылдарында салынып жатқан мектеп құрылысы аяқталып, биыл іске қосылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышев айтты.
- Ұрынхай ауылындағы 100 орындық мектеп 1 желтоқсанға дейін, Жолнұсқау ауылындағы 50 орындық мектеп 15 қарашаға дейін іске қосылады деп жоспарлап отырмыз, - деді аудан әкімі.
Сонымен қатар Ю. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебіне, Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебіне, №5 Күршім орта мектебіне, №1 Марқакөл орта мектебіне, Қ. Нұрғалиев атындағы гимназия мектебіне физика, химия, биология кабинеттері жабдықталған.
Айта кету керек, бүгінде ауданда 41 мектеп бар.