Өрт сөндірушілер аллеяға шырша отырғызды – ШҚО

Фото: gov.kz
Қазақстан халқы бірлігі күніне орай Өскемен қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері мен ардагерлері ағаш екті. Олар өздері ағаш еккен аумақты «Бірлік аллеясы» деп атады.
Игі бастамаға бөлімше ардагері Игорь Ильичев ұйытқы болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Біз отырғызған шыршалар мен ағаштар халықтар достығын, толеранттылықты, әлемнің құндылығын бейнелейді. Сонымен қатар жердегі бейбітшілік үшін өз өмірін бергендерді жас ұрпақтың есіне салады. Өскелең ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіреді, – дейді зейнеткер Игорь Ильичев.
Оқи отырыңыз