KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

ШҚО-да қалың қар мен көктайғақ күтіледі

Фото: pixabay.com

7.03.2025, 18:00 940 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысында ертең күн райы күрт өзгереді. «Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде боран соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Өскемен қаласында да жауын-шашын түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға барынша сақ болып, ауа райының қолайсыздығына дайын болуды ескертеді. Қауіпті аймақтардан аулақ болып, жолда жүру кезінде барынша мұқият болу қажет. Төтенше жағдай орын алған жағдайда арнайы қызметке хабарласу ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу