Өрт қаупі: ШҚО алдын алу шараларын күшейтті
ШҚО биылғы өрт қаупі маусымына өткен жылдың тәжірибесіне сүйене отырып дайындалуда. Былтыр мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркеліп, 1,1 гектар орман алқабы жойылды, ал келтірілген шығын 320 мың теңгені құрады. Дегенмен, мемлекеттік орман қорғау қызметі мен авиацияның үйлесімді жұмысының арқасында ірі өрттердің алдын алу мүмкін болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2025 жылғы өрт маусымына 546 өртке қарсы техника дайындалып, 907 қоғамдық өрт сөндіру бірлестігі құрылды. Сондай-ақ орман күзеті мен өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерін оқытуға ерекше мән берілуде. Биыл 81 маман арнайы дайындықтан өтті, оның 45-і – Шығыс Қазақстан облысынан.
Өрт маусымына дайындық пен техникалық жабдықталуды арттыру басты міндеттердің бірі болып қала береді. Материалдық-техникалық базаны нығайту аясында өрт сөндіру техникасы мен құрал-жабдықтарын сатып алуға 646 млн теңге бөлу жоспарланған.