KZ
Өскемен
-43°
туман Штиль
512.16 594.72 6.57

Халықаралық Менделеев олимпиадасына шығысқазақстандық оқушы қатысады – Өскемен

Фото: gov.kz

2.05.2023, 18:36 945

30 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана қаласында оқушыларға арналған химия пәнінен 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын олимпиада – химия пәні бойынша Бүкілодақтық олимпиаданың жалғасы.
Эксперименттік және теориялық турлардан тұратын жарысқа әлемнің 20-дан астам елінің командалары қатысады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ауқымды байқауда Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Бекболат Мамырбеков бақ сынайды. Оқушы ел құрамасының сапында.

Бекболат Мамырбеков – бірнеше мәрте республикалық және халықаралық деңгейлердегі маңызды зияткерлік жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері атанған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу