KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, З
478.16 534.92 5.18

Күршімде бір ғана шығармашылық үйі қызмет көрсетеді

Фото: Шартты сурет

4.05.2023, 16:08 294

Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, ауданда 41 мектеп қызмет көрсетеді. 
Мектептердің 36-сы қазақтілді, 5 аралас типтегі мектеп, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Ауданда бүгінгі таңда 41 мектеп қызмет атқарады, оның 1-уі – интернат-колледж, 15-і орта, 21-і негізгі орта, 4 бастауыш мектеп. Оның ішінде 36-сы – қазақтілді, 5 – аралас мектеп. 41 мектептің 34-і – шағын жинақталған мектеп (82,9%). Ауданда 3 балабақша, 2 өнер мектебі, 1 шығармашылық үйі, 1 сауықтыру лагері (48 білім беру мекемесі) бар.
Аудандағы мектеп жасына дейінгі бала саны – 1802. Мектепке дейінгі оқу тәрбиесімен 40 мектепке дейінгі ұйым айналысады. 3 балабақша және 37 шағын орталықта 1062 бала қамтылып отыр. 2022-2023 оқу жылында 30 тәрбиеші жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курстан өткен.
Ауданда қызмет атқаратын 807 мұғалімнің 650-і жоғары білімді, 127-сі арнаулы орта білімді және 21 мұғалімде магистр дәрежесі бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив