KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Мобильді оқу орталығы шалғай аудандарда оқыту курстарын өткізеді – ШҚО

Фото: Шартты сурет

17.05.2023, 12:24 429

Облыстың шалғай аудандарындағы жұмыс іздеген тұрғындарға білім алуға мүмкіндік беру шеңберінде қысқамерзімді оқыту курстары өтеді. Курстарды ШҚО білім басқармасы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесе ұйымдастырған.

Мобильді оқу орталығының базасында аспаз, есепші, электромонтер және электр-газбен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша курстар жүргізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мобильді оқу орталығының аясында Өскемен көпсалалы технология колледжінің оқытушылары 15 мамырда Күршім ауданы Қалжыр ауылындағы жұмыс іздеген тұрғындарды оқытуды бастады.

15 мамыр мен 15 маусым аралығында 12 адам оқытудың теориялық және практикалық кезеңдерінен өтпек. Мобильді оқу орталығының жабдықталуы мен техникалық жағынан қамтамасыз етілуі тұрғындарға бір мезгілде сұранысқа ие бірнеше мамандықты игеруге мүмкіндік береді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив