KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Өскеменде жұмыс іздеушілерге дүкеннің ішінде кеңес беріледі

21.08.2019, 09:01 97

Өскеменде «шопинг» жасап жүріп, жұмысқа орналасу бойынша кеңес алуға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өйткені шаһардағы «Eurasia» сауда үйінде Жұмыспен қамту орталығының мобильді тобы жұмыс істей бастады.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді. Мобильді топ өз жұмысына тамыз айының басында кіріскен екен. Яғни енді әр сәрсенбі күні «Eurasia» сауда үйінің екінші қабатына барып, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша орталықтың қызметкерлерінен кеңес алуға болады. Қабылдау сағат 10.00-ден басталады.

– Бұл жерден кез келген адам толық ақпарат ала алады. Сауда үйіне адамдардың көп келетіні айтпаса да түсінікті. Бұл парақшалар мен буклеттер таратудан гөрі тиімді, – дейді Өскемен қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Айжан Биғалиева.

А.Биғалиеваның айтуынша, жақын арада «Тамирлан» сауда үйінде дәл осындай мобильді пункт ашылуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив