KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Жас суретшілер қабілетін танытты – ШҚО

Фото: Ашық дереккөзден алынды

22.05.2023, 10:56 414

Жас суретшілер арасындағы «Бояулар құпиясы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Байқауды «Дарын» орталығы ұйымдастырған.

Байқау жас суретшілердің бойындағы эстетикалық талғам мен адамгершілік, патриоттық сезімді нығайтуға, әлемдік және отандық көркем мәдениеттің үлгілеріне қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сурет сайысына жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жас аралығындағы оқушылары қатысқан. Облыстық кезеңге қатысушылар бұдан бұрын аудандық және қалалық кезеңнен іріктелді.

Байқау «Менің елім – менің жерім», «Таланттар палитрасы» атты екі бағыт шеңберінде жүргізілді. Жүлдегерлер мен қатысушыларға диплом мен сертификат табысталды. Жеңімпаздар тізімі www.shygysdaryn.kz сайтында көрсетілген.

Облыстық кезеңнен ең жоғары балл жинаған қатысушы республикалық кезеңде аймақ атынан қатысады.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив