KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Полиция департаментінде ардагерлер жас буынмен кездесті – ШҚО

23.05.2023, 10:14 482

ШҚО полиция департаментінде Халықаралық мұражай күніне орай аға буын өкілдері жас қызметкерлермен кездесті.

Жиынға «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісімшарты әскерлерінің тобы» қоғамдық бірлестігі филиалының құрметті ардагері Жанаділ Атаев, Polisia.kz тілшілері Еркін Қасымов, Қайырғазы Қасымбаев шақырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ерлік сабағына ПД жеке құрамы мен Өскемен қаласы ПБ жас қызметкерлері қатысты.

– Бүгінде ардагерлер полиция бөлімінің қызметіне белсенді қатысуда. Олардың тәжірибесі, білімі қызметкерлерді отансүйгіштікке тәрбиелейді, іскерлік және моральдық қасиеттерін дамытады, – дейді ПД бастығы полиция генерал-майор Ерлан Омарбеков.

Ардагерлер департаментке Ерлан Қасымовтың «Азаматтың арланы» атты кітабын сыйға тартып, аймақтағы полиция қызметінің тарихында болған бірсыпыра оқиғалар туралы баяндап, мамандыққа адалдық жөнінде ой өрбітті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив