Төтенше жағдайлар қызметкерлері еріктілерді оқытты — ШҚО
"Жасыл Ел - 2023" маусымының ашылуына орай "Дарын" сауықтыру лагерінің базасындаШҚО ТЖД құтқарушылары облыстық "Жастар ресурстық орталығының" еріктілерін оқытты.
Еріктілер өрт қауіпсіздігі ережелері, алғашқы көмек көрсету және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға қатысты игерген білімді іс жүзінде қолданып көрді. Еріктілер шара барысында кедергі жолағынан өтіп, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп, өрт сөндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
— Мұндай дайындықтың берері көп. Біз өз жұмысымызда жоғалған адамдарды іздеу кезінде, халық арасында профилактикалық шараларды өткізуге көмек қажет болған кезде еріктілерге жүгінеміз, — деп атап өтті ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы Андрей Иванов.
Дерекке сүйенсек, еріктілер құтқарушылар өткізетін сабақтарға қызыға қатысатын көрінеді.
— Ерікті — бұл қоғамдық пайдалы істермен ақысыз айналысатын адам. Бұл — мейірімді жүрегі бар, өзгелерге көмектесу үшін жеке уақытын бөлуге дайын адамдар. Сондықтан құтқарушылармен өзара іс-қимыл үнемі басымдыққа ие, — дейді ШҚО "Жастар ресурстық орталығы" фронт-офисінің директоры Данияр Жүнісов.
Оқи отырыңыз