ТЖД кәсіпорындар қызметкерлерін оқытты – ШҚО
Фото: gov.kz
ШҚО ТЖД кәсіпорындар қызметкерлеріне төтенше жағдайларға дайын болуды үйретеді. Осы шара шеңберінде ШҚО ТЖД мамандары «Казцинк» ЖШС қызметкерлерін оқытты.
Сабақ барысында тыңдаушыларға ҚР Азаматтық қорғаныс туралы заңнамасы мен ел және облыс аумағында болуы мүмкін төтенше жағдайлар түсіндірілді. Дәріс алушылар теориялық білім алып қана қоймай, оны іс жүзінде шыңдай алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ТЖД мамандары оқу тақырыптарының ішінде жер сілкінісі, өрт кезіндегі, химиялық қауіпті нысандағы апат кезіндегі қауіпсіздік шараларына және төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бағытына басымдық берген.
Оқытудан өткен қызметкерлер тест тапсырып, сертификат алды.