KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3,6 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Құтқарушылар жазғы лагерьде жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындады – ШҚО

12.05.2023, 14:49 338 Ләззат Қанатқызы

Жақында өңірдегі жазғы лагерьлер есігін айқара ашып, балаларды қабылдай бастайды. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары да балалар қауіпсіздігіне баса назар аударып отыр.

ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс оқу орталығының базасында арнайы мамандар жасөспірімдер клубтарының, балалар жазғы лагерьлерінің, оның ішінде жалпы білім беретін мектептердің оқытушылар құрамын оқытты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Басты мақсат – балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету. Бірнеше күн бойы мұғалімдер дәрігерлер келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуді, өрт пен жер сілкінісі кезінде әрекет етуді, судағы қауіпсіздік шараларын игерді. Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі мен эвакуация жүргізу негіздерін зерделедік, – деп атап өтті ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбеков.

Лагерь қызметкерлері ШҚО ТЖД қызметкерлері өткізетін сабақтарға қызығушылықпен қатысты. Оқуды аяқтағаннан кейін әрбір қатысушы ШҚО ТЖД-да курстардан өткені туралы сертификат алды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив