KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Өскеменде қар күремеген шенеуніктер жазаланды

20.01.2020, 09:21 111

Өскеменде қар күремеген шенеуніктер жазаланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала көшелеріндегі қар күрелмей жатыр. Бұған дейін де жаздық, жаяу жүргіншілерге арналған жолдарда қар үйіліп жатыр. Сондықтан Өскемен тұрғындары әлеуметтік желілерде қала билігін сынға алуда. Тәртіп сақшылары осы жағдайға байланысты 61 тексеру жүргізіп, жауапты мекемелердің 33 олқылығын анықтаған екен. Осылайша полиция қызметкерлері 4 лауазымды тұлғаны  әкімшілік жауапкершілікке тартты.

– Олардың үшеуі ӘҚБтК - нің 631-бабы бойынша, үшеуі 462-бабы бойынша айыпталды. Тәртіп бұзушыларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, – деп мәлімдеді Полиция басқармасы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу