Шығысқазақстандық жас сақшылар Минск қаласында жеңімпаз атанды – ШҚО

Фото: egemen.kz
ШҚО-ның жол қозғалысы жас инспекторларының отряды Минск қаласында өткен байқауда жеңімпаз атанып, кубок иеленді.
23-27 мамыр аралығында Минскіде Жол қозғалысының жас инспекторлары отрядының 50-ші республикалық слеті өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Слетке Беларусь, Ресей және Қазақстан командалары атынан 10-17 жас аралығындағы 68 бала қатысты.
Сайыс нәтижесі бойынша ШҚО атынан қатысқан команда алға озып, жеңімпаз атанды.
Слет барысында балалар оқу бағдарламасына қатысып, жол жүру қағидалары бойынша емтихан тапсырып, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдыларын байқатып, жол қозғалысы ережелерін велосипед жүргізе отырып көрсетіп, сюжеттік-рөлдік ойынға қатысты. Сонымен қатар жеткіншектер шығармашылық қабілеттерін де ортаға салды.