KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Жол қозғалысының жас инспекторлары арасында республикалық турнир өтті

26.08.2019, 12:58 94

Республикалық «Жол қозғалысының жас инспекторлары» турнирінде шығысқазақстандық жас өрендер жеңіске жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 19-шы рет өткізілген байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар қатысты. Байқау «Алғашқы көмек көрсету», «Велосипедпен жүру ережелері», «Жас санитарлар сайысы», «Мәнерлеп жүргізу», «Капитандар сайысы» сынды бағыттар бойынша өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша ШҚО Бородулиха ауданынан келген жас инспекторлар жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші және үшінші орын Атырау мен Ақтөбе облыстарына бұйырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив