KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями Штиль
479.23 534.96 5.16

ШҚО-ның тәртіп сақшылары балаларды көңілді шараға шақырады

Фото: ШҚО ПД

31.05.2023, 22:00 286 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО полиция департаменті балаларға арналған көңілді мерекелік шара ұйымдастырады.

Балаларды қорғау күніне арналған шара Өскемен қаласында өтеді. Тәртіп сақшылары қаланың тұрғындары мен қонақтарын мерекеге қатысуға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мереке бағдарламасында түрлі ойындар, атпен және понимен серуендеу, интерактивті батлдар мен челлендждер, тик-ток пати және басқа да қызықты шаралар бар.

Сонымен қатар Арнайы жедел әрекет ету отряды мен Кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлері ауқымды бағдарламамен өнер көрсетеді.

Шара соңында би кеші ұйымдастырылады.

Өтетін уақыты: 3 маусым, сағат 10.00-де

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы,1.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив