Күршім ауданы өсімдік шаруашылығы бойынша алдыңғы қатарда
Күршім ауданы өсімдік шаруашылығы, бақша өнімдерін, көкөніс өсіру бойынша облыста алдыңғы қатардан көрінуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Дулат Қажанов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Аудан тұрғындарының көпшілігі мал шаруашылығы, егістікпен айналысады. Биыл ауданда жалпы құны 28 миллиард 157,5 миллион теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліпті. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 108 %-ға артқан.
Соңғы 30 жылда болмаған сүт қабылдау мен өңдеу жұмыстары да осы жылы қолға алынып отыр.
Сондай-ақ, 1000 бастық мал бордақылау алаңдары салынды.
Оқи отырыңыз