KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО тұрғындарына көмірді ертерек сатып алу ұсынылды

Фото: Informburo.kz

13.07.2023, 15:38 415 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта өңірдің т/ж тұйықтарында 4 965 тонна көмір бар.

Облыс халқы үшін көмірдің жылдық қажеттілігі 447,5 мың тоннаны құрайды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Көмір сатып алу қызатын кезеңде (тамыз, қыркүйек, қазан) дүрбелеңге жол бермеу үшін өңір тұрғындарына алдағы күзгі-қысқы кезеңге көмірді алдын ала сатып алу ұсынылады.

"Қазіргі уақытта облыста коммуналдық-тұрмыстық көмірді келесі өңірлік операторлар: Өскемен қаласында "Сейком" ЖШС-дегі (Өскемен қаласы, Защита ауданы, Делегатская көшесі, 36А) әлеуметтік көмірдің құны – 13 500 теңге, "Топливная компания терминал" ЖШС (Өскемен қаласы, Солжағалау ауданы, Базовая көшесі, 5/2) – 14 000 теңге, ал "Антрацит" ЖШС (Өскемен қ., Защита стансасы (калибрленген көмір) 19 000 теңге сатуда", - деп толықтырды басқармада.

Сонымен қатар Риддер қаласындағы "Перама" ЖШС (Риддер қ., Победа к-сі, 5) көмірді 19 800 теңгеден, Алтай ауданындағы "Зырян ТЭК" ЖШС (Зубовка ауылы, С. Лазо к-сі, 1а) көмірді тоннасын 14 700 теңгеден, Серебрянск қаласындағы "Амангелді транс" ЖК  (Некрасов көшесі 73)  көмірді 19 000 теңгеден және "Чуприков Н.В." ЖК көмірді 21 000 теңгеден сатуда. 

"Глубокое ауданында көмір 14 200 теңгеден ("Шемонаиха отыны" ЖШС (Предгорное ауылы), ал Шемонаиха ауданында ("Шемонаиха отыны" ЖШС (Шемонаиха қаласы, Строительная көшесі 1/1) 14 450 теңгеден  сатылуда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу