KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да 14 балалар лагеріне рұқсат қағаз берілді

Фото: novoetv.kz

13.07.2023, 16:04 285 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 13 шілдедегі жағдай бойынша 14 сауықтыру лагері балаларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Нысандардың нормативтік-құқықтық актілерге сай жабдықталғаны нақтыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ведомствоның ақпараты бойынша рұқсат алған лагерьлер: Катонқарағай ауданының «Арайлы Шығыс», Өскемен қаласының «Жігер», Алтай ауданының «Жемчужина», Мало-Убинка ауылының «Толағай», Таулы Үлбі ауылының «Дарын» және «Алау», «Казцинк» ЖШС-нің «Синегорье» демалыс базасындағы лагері, Риддердегі «РСШИКОР», Ұлан ауданының «Үміт», «Болашақ», «Алые паруса», Күршім ауданының «Балдәурен», Тарбағатай ауданының «Сенім» жазғы лагерьлері және Зайсан ауданы әкімдігінің «Зайсан аудандық бұқаралық спортты дамыту орталығы».

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив